МИФ апталығының ашылуы

Математика, физика және информатика пәндерінің ашылуы

Құрметті ұстаздар мен оқушылар 28-қарашадан  5-желтоқсан күндері аралығында  өтетін математика, физика және информатика пәндерінің апталығының ашық екенін жариялаймыз.

 Амангүл:

Дүниеде құбылыстың мәнінде,

Зерттейді ол өзгерістің бәрінде.

Нақты ғылым дүние кілті бүгінде,

Бүкіл әлем сөйлейді, нақты ғылым тілінде.

 «Математиктер» тобы

Малика:

Мектепке келдім, ұстзады көрдім,

Жазу, сызу мен санау үйрендім.

Сан менен өрнек,  теңдеу  мен бөлшек,

Сырына оның, үңіліп көрсек.

Сенсіз дүкенге бара алмаймыз,

Сенсіз үйлерді сала алмаймыз.

Сенсіз уақытты біле алмаймыз.

Сенсіз тарихты жаза алмаймыз

 

Ұнатхан: Тоқтай тұр, мені тыңда. Сен бүгін мектепке 15 минут ерте келдің. Мен болсам 15 минутқа кешіктім, енді арифметикалық ортаға жүгінсек, екеумізде  мектепке дәл уақытында келдік.  Керемет емес пе?

Ержан: Сен өзің тым ақылды екенсің ғой. Қап бәлем, сені үйретпесем. Сен маған магазиннен кеды әкеліп берші дейші едің ғой, мамаң ақша беріп пе еді. Әкел, мен әкеп берейін.

Ұнатхан: Ақша берген.

Ержан: Онда мен магазинге барып келейін, сен тағы арифметикалық ортаға есеп шығара бер.

Ұнатхан: Мен тез оралдым. Саған кеды әкелдім.

Ержан:

Кәне, әкелші, көрейін. (Ашып қарап) Бұл не?

Ұнатхан:  Немене, ұнамай тұр ма? Бұл сенің кедың. Бірі 26 размер, екінші 44-і  размер, Екеуін қосып, 2-ге бөлсек, сонда 35-і сенің размерің шығады. Жасасын арифметикалық орта!

Саған бұл ұнайды емес пе?

  «Физиктер» тобы  

Ерке:

Физика – тілдесер табиғаттың тілі екен ғой,

Көз тартар табиғаттың сыры екен ғой,

Салғаннан айтылған сөз ішілген ас,

Бәрінің бағынары физика ғой.

Бүгінде физика барлық жерде,

Құрылыста, техникада, өндірісте

Сырларын бұл ғылымның үйретіңдер

Шәкірттер зерделікпен үйреніңдер.

 Физика «ән». Орындайтын: Лаура, Зарина

Әлемдік тартылыс,

Күшін сен сыйладың

Ауырлық, үйкеліс,

Күшін сен сыйладың

Сыйладың сен маған,

Тұрақты сандарды.

Ом менен Ньютонның

Әр түрлі заңдарын

Электр қуатын сыйладың сен маған,

Жасанды көз нұрын сыйладың сен маған.

Сенсіз бұл өмірде жүру де жоқ маған.

Сенсіз бұл өмірді сүру де жоқ маған

 

 «Информатиктер» тобы!

Кенжегүл:

Құтқарып  ауыр  бейнеттен

Техниканы  үйреткен

Роботтай –адамды

Тіл  бітіріп  сөйлеткен.

Білмегенді  білдірген

Өлшеп  киім  кигізген

Барлық  істі  атқарып

Пайдасын  елге  тигізген

 Лайла:

Ұстаз да, шәкірт те бас

иетін,

Компьютер, бар сенің қасиетің.

Бір емес бірнеше іс атқарасың,

Жалғыз өзің, мыңның ісін атқарасың.

Ақпарат, ақпараттық әрекетті.

Жүзеге асырасың, бас ұрасың

Интернет желісін жүктейсің де,

Әлемдік жүйеге сен енесің

Өмірдің тулап жатқан толқынында.

Өзіңді өзгелермен бір көресің

Ақпарт, ақпараттық әрекетті.

Жүзеге асырасың, бас ұрасың.

Олжас:

Ортаға

бір топ  оқушы шығады.  Дөңгеленіп отыра калады.  Ішінен біреуі сурылып шығып:

- Ал, енді құрметті қонақтар, ерлерше бата берейік- дейді.

-  Ғ1 әрқашан көмекке келе берсін, Ғ2 пәле- жаладан сақтай берсін,   CTRL,ALT, DEL  үнемі жар  болып қолдай берсін,  ENTER!

 Cоңы:

Тәрбиелеп біліммен ұрпақтарын,

Қазағым бесіктен ақ берген білім.

Ұқтырып  ғылымның кереметін,

Әр сөзінен дананың тергенілім. Осы апталыққа барлықтарыңызды белсене қатысуларыңызды сұраймыз!

Автор: Арин Кенжегүл
Просмотров: 611
Дата создания: 28 Ноября 2016 г.
Дата редактирования: 28 Ноября 2016 г.