Список статей
"Бала тәрбиесі баршаға ортақ" ата-аналар жиналысы

 

 

Ата-аналар жиналысы

 

Бала тәрбиесі баршаға ортақ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Шағын орталық тәрбисі:  Арин К

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ата-аналар жиналысы: «Бала тәрбиесі баршаға ортақ»

Мақсаты: Ата-аналармен бірлесіп отбасылық тәрбиенің негізгі ережелерін талқылау,бала тәрбиесінде

ата-аналардың рөлін көрсету балалармен ортақ тіл табысуға үйрету .

Көрнекілік: «Менің отбасым»(буклет),бәйтерек суреті,нақыл сөздер,слайд,карточкалар.

Жиналыс жоспары.

1.     Кіріспе сөз мектебіміздің директоры Омарова М.Б.

2.     Тренинг.

3.     Баяндама «Бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі  және мектеппен байланыс»

4.     Ата-аналарға тест «Сіз қандай ата-анасыз?» (әр жауап үшін 1 балл)

5.     Балалық шағымызға ораламыз.

6.     Бақытты отбасының бәйтерегі.

7.     Әр түрлі сұрақтар

 Жиналыс барысы:

1) Кіріспе

сөз.Тәрбиеші:

Құрметті ата-аналар мен сіздерді көргеніме қуаныштымын! Ұлы Абай: «Бір ғана қуанышым бар ол-менің балаларым»-деген екен. Әрбір ата-ана баласының денсаулығы мықты,ең жақсы болуын,талапты болып өсуін арман етеді. Менің ойымша,құрметті ата-аналар, сонымен қатар оның жақсы адам болып өсуін арман ету керек, ол

адамдарға және қоғамға пайда келтіріп, «Адам» деген жоғары атаққа ие болып, барлық өмір тіршілігінің сынақтарынан сүрінбей өтіп, жетістіктерге жетеді. «Біз балаларға ұқсамаймыз,балалар бізге ұқсайды» дейтін белгілі тәсіл бар.Ал баланың сізге ұқсауы үшін, сіздің қасиеттеріңізді алу үшін өзіңіз не істедіңіз?

Қане,осы орайда тәжірибе алмасайық. Өз отбастарыңызда қалыптасқан,баланың оңды қасиеттерін жетілдіруге бағытталған қандай дәстүрлер бар? Сол туралы әңгімелесейік.

2) Тренинг: Ата аналар ортаға дөңгеленіп тұрады. Бүгінгі кездесуде сіздер балаларыңызды таңертең қалай және

қандай көңіл күйде оятасыз. Соны бір - бірлеріңізге қарап айтып көрейік. Міне осындай жылы сөздерден баламыздың жүзінен қуаныш көре аламыз.

Ата - ананың басты қуанышы - бала.

Ата - ананың басты - қазығы, алтын тіреу діңгегі - бала. Отбасы тұлғаны дамытатын кішігірім орта. Отбасының қоғамдағы мақсаты; баланы дамытып қана қоймай, оны өмірге дайындап, рухани жағынан жеткізіп, тұлға ретінде

қалыптастыру. Отбасында баланың жан - жақты қалыптасуына ата - ана мен отбасыимүшелерінің қарым қатынасында махаббат, сүйіспеншілік, адамгершілік, қайырымдылық, әділдік, ұйымшылдық, мәдениеттік қасиеттері және т. б келбетін сақтайтын тұлға тәрбиелеуге керек екендігі бәрімізге аян. Мына жасампаз ғасырда, жаһандану дәуірінде тәрбиеленіп отырған баланың жан - жақты білім алуына ең бірінші ықпал ететін –тәрбиеші  болса, оның сүйеніші ата - ана.

Сондықтан ата - ана өз баласының білім алуына барынша жағдай жасау тиіс. Бала тәуліктің бір бөлігінде, яғни
4  сағат мектепте болса, 20 сағат өз отбасында тәрбие алады.

 «Балаңызға деген сүйіспеншілік деген» ойыны өткізіледі.

Баланың жан дүниесі – Бұл толып тұрған ыдыс сияқты. Өз балаңыздың қандай болғанын қалайсыз? Қандай қабілеттері болғанын және сіз өзіңізден қандай қасиетті алғанын қалайсыз? Әрқайсыларыңыздың қолдарыңызда жүрек бар. Сол жүректің ішіне өздеріңіздің ойларыңызды жазып, осы ыдыстың ішіне салып қойыңыздар және де жазған сөздеріңізді айтып шығуларыңыз керек. Қорыта айтқанда ата ананың махаббаты, сүйіспеншілігі бала үшін бақыт, осы сезімдеріңіз арқылы баланың өз орнын таба білуге үйретесіздер.

3)Баяндама «Бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі  және мектеппен байланысы»

4) Ата-аналарға «Сіз қандай ата-анасыз?» тест.

Олар балалармен қарым-қатынас барысында неғұрлым жиі сөздерді белгілеу қажет.

-Мен саған қанша рет айтамын?

-Маған кеңес бере қойшы,айналайын!

-Мен сенсіз не істер едім?!

-Бұл не тағы?

-Біз бәрін бірге ойласатын достармыз ғой?

-Кімге тартқан бәлесің өзің?

-Мен сендей кезімде..

-Сен менің тірегімсің,қолқанатымсың!

-Сенің жаныңдағы қандай достар осы? -Сен

не ойлап отырсың ?

-Ұлым (қызым),сен қалай ойлайсың,жұрттың баласы бала

сияқты,ал сен болсаң…

-Ақылдымсың ғой сен менің!

Жауптары: 7-8

балл-Сіз өз балаңызбен жүйелі түрде қарым-қатынас жасап отырмасаңыз да,ол сізді құрметтейді.Сіздің көзқарасыңыз оның тұлға болып қалыптасуына көмектеседі.

9-10 балл-Балаңыз сізді құрмет еткенімен әрқашан ашық сөйлесе бермейді.Оның тұлғалық дамуы кездейсоқ жағдаяттар ықпалынан болмақ. 11- 12 балл 

–Сіздің бала тәрбиесіне мұқияттылау болғаныңыз жөн. Балаңыз сізді құрметтейді,бірақ ол,ата-ананың аялы алақанына,жылы сөздеріне зәру. 13-14 балл-Сіздің бала тәрбиесіне байланысты ұстаңған жолыңыз дұрыс емес екенін өзіңіз де білесіз.Балаңыз бен сіздің араңызда сенімсіздік бар-оған көбірек көңіл бөлуге тырысыңыз,оның

сөздеріне құлақ асыңыз. Мұғалім: Біздің тестіміз істің шын жағдайына қатысты емеурін ғана, сіздің қандай ата-ана екеніңізді өзіңізден басқа ешкім жақсы білмейді.

  5) «Балалық шағымызға ораламыз»

Тәрбиеші:

 а)«Менің балалық шағымның ең бақытты күндері» (ата-аналар естеліктерін  айтады)

ә) Өз баламызды тәрбиелеуде ата-анамыздың тәрбиесін қалай қолданамыз?

 6) Бақытты отбасының бәйтерегі. Ата-аналар өз отбасыларының ерекше қасиеттерін жазып,иағашқа бекітеді.

7)  Әртүрлі сұрақтар.

Қорытынды: Ата-аналарға кеңестер (оқылады) таратылады.

Тәрбиеші: Әрине,өмірдің барлық жағдаяттарын қамти алатын, жұрттың бәріне ортақ,бірыңғай ереже жоқ. Әрбір бала әртүрлі. Әрқайсысы өзінше ерекше. Сол сияқты бізбен сіздің қарым-қатынасымыз да өзіндік сипатта.

Біздер:педагогтар мен ата-аналар- балалардың бойындағы білуге құмарлық,еңбек етуге,әдемілікке, өз қабілет-қарымы мен мүмкіндіктерін жүзеге асыруға тырысушылық әрекеттерін жетілдіру,дамыту,қалыптастыру бағытында бірлесіп жұмыс жүргізуіміз қажет. Мен бұл бағыттағы іс-әрекеттеріміздің нәтижелі боларына сенемін.

 

Автор: Арин Кенжегул
Просмотров: 1114
Дата создания: 26 Января 2017 г.
Дата редактирования: 26 Января 2017 г.
www.egov.kz
Опрос